Месси өткен маусымдағы ең үздік голдың авторы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) испаниялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің 2018/19-маусымында ұйымның қамқорлығымен өткізілген матчта англиялық «Ливерпульдің» қақпасына соққан голын үздік деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі мәәәлім етті.

МессиЧемпиондар лигасының жартылай финалының Ливерпульге қарсы (3:0) біріншіматчында айып добын соқты. Аргентиналық бұл марапатты соңғы бес жылда үш ретиеленді.

Екіншіорынды италиялық «Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану РоналдуЧемпиондар лигасы топтық кезеңінің матчында ағылшындық «МанчестерЮнайтедтің» (1:2) қақпасына салған голы үшін алды. Үшінші орындапортугалдық Данилу тұр. Ол 2020 Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің матчындаСербия командасының қақпасына (1:1) доп салды.

Месси«Барселона» құрамында Испанияның он дүркін чемпионы, Испания Суперкубогыныңсегіз мәрте иесі, ИспанияКубогының алты дүркін иесі, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы, УЕФАСуперкубогының үш дүркін иесі және клубтық әлем чемпионатының үш дүркінжеңімпазы атанған. Сонымен қатар аргентиналық футболшы «Алтын допты» бес рет еншіледі.