Бірінші таймда каталондықтардың капитаны Лионель Месси «Рома» қорғаушысы Мапу Янга-Мбиваның сөзіне ашуланып, алдымен басымен «сүзіп», артынша мойнынан қылқындырмақ болды. Жүгіріп келген серіктестері ашуланған аргентиналықты қарсыласынан ажыратып үлгерді. Оғаш қылықтары үшін екі ойыншы да сары карточкаға ие болды.