Ала допты ұршықа иірген тұлғаның әкесі ұлының агенті (футболшыға өзге клубтың ұсынысы мен ауысуын қадағалайды) қызметін де атқарады. Хорхенің айтуынша, Лионель Месси спорттық мансабын каталондық клубта аяқтамауы бек мүмкін екен.
- Менің ұлым «Барселонаны» жанындай жақсы көреді. Бірақ, өмірде бәрі бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін. Алдын-ала кесіп айтуға болмайды. Ол «Росарио» мен «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарын да жақсы көреді. Бәлкім, осы клубтардың бірінде бутсысын шегеге ілер. Бәрін уақыт көрсетеді, - деді Хорхе Месси.