Месси тізесін жарақаттап алды
08:11, 27 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Месси тізе жарақатынан 7-8 апта бойы ойын алаңына шыға алмайды. Ол Испания Примерасы матчының 6-турында «Лас-Пальмас» командасымен ойын кезінде тізесін жарақаттап алған еді.
Бұл туралы 24.kz жазады.
Мамандардың айтуынша, оның жазылуына 7-8 апта уақыт қажет. Бұл туралы каталон клубының ресми твиттеріне сілтеме жасай отырып, Газета.ру хабарлаған. Месси Испания Примерасының осы маусымында алты мачт өткізіп, үш гол салған болатын.