«Алты мәрте «Алтын доп» иегері болған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өз мансабын «ПСЖ» француз футбол клубында жалғастырады», - деп мәлім етті Marca.
Бейсенбі күні «Барселона» Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді.
Испаниялық газеттің жазуынша, «ПСЖ» - Мессиді сатып алғысы келетін бәсекеге қабілетті жалғыз клуб.
Англияның «Манчестер Ситиі» футболшы үшін күрестен бас тартқан.
Айта кетейік, Месси «Барселонадан» кететіні жөнінде жарияланғаннан кейін Қазақстанның «Тұран» футбол клубы оны елімізге шақырды: «Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз!» деп жазды клуб әлеуметтік желіде.