32 жастағыМесси дүйсенбі күнгі жаттығу кезінде аяғының ауырғанын сезген. Тексерістенөткеннен кейін оны АҚШ-та өтетін турдың құрамына қоспау туралы шешімқабылданды. Тур барысында «Барселона» италиялық «Наполи» командасына қарсы екіматч өткізеді деп жоспарланған.
Месси «Барселона»құрамында жүріп, Испанияның он мәрте чемпионы, Испания Суперкубогының сегіз мәрте иегері, Испания Кубогының алты мәрте иегері, Чемпиондарлигасының төрт мәрте жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының үш мәрте иегері және клубтық әлемчемпионатының үш мәрте жеңімпазы атанған еді. Аргентиналық футболшы бес ретәлемнің үздік ойыншысы атағына ие болған.