Мессиді алты айға ұлттық құрамадан шеттетуі мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстікамерикалық футбол конфедерациясы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге 2019 жылғы Америка Кубогында көрсеткен оғаш қылығы үшін ойындардан шеттету мерзімін қайта қарап, алты айға дейін ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат аргентиналық TyC Sports телеарнасына сілтеме жасап.

Сәрсенбікүні Месси бір матчқа шеттетіліп, оған $1,5 мың көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ,32 жастағы шабуылшының 2022 жылы Катарда өтетін әлемчемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуге қатыспайтыны айтылған еді.

АмерикаКубогы барысында Мессибірнеше шулы оқиғаның қатысушысы болды. Олардың мән-жайы анықталған жағдайда ойындарданшеттетілу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Аталмыш мәселенің шешімі келесі аптадабелгілі болады.

МессиАмерика Кубогының жартылай финалында Бразилия командасымен өткен матчтың нәтижесіне қатысты төрешілер тарапына сын айтқан. Ойында аргентиналықтар алаң иелерінен 0:2 есебімен жеңілген еді. Сондай-ақ, футболшы турнирдегі төрешілер құрамынанаразылық ретінде марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартып, Чили командасыменүшінші орын үшін өткен кездесуден (2:1) кейін Оңтүстікамерикалық футболконфедерациясын жемқорлыққа батты деп кінә тақты. Матч барысында Месситеріс қылығы үшін алаңнан қуылды.

Аргентинақұрамасының құрамында Месси 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында алтын медаль, 2014жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған еді. Футболшы бес мәрте әлемнің үздік ойыншысы деп танылған.


Соңғы жаңалықтар