Facebook желісіндегі Мессидің парақшасына жазылғандар саны анау-мынау емес, 80 миллион адамға жетіпті, деп хабарлайды espanarusa.com.
Мұндай қуанышымен бөлісуді жөн көрген атақты спортшы 80 cанына сүйеніп түскен суретін Фейсбукте жариялаған. Осы ретте ол жұртшылыққа арнап, былай жазыпты: «Біздің Фейсбуктегі санымыз 80 миллион адамға жетті! Күн сайын көрсетіп отырған қолдауларыңыз үшін барлықтарыңызға рахметімді айтамын. Себебі мұнша халықтың демеуін сезіну бір ғанибет».