Бұл туралы 21 қарашада испандық El Mundo басылымы жазды, деп хабарлайды lenta.ru.
Егер шабуылшы келісімді созудан бас тартқан жағдайда оған үміткер команда футболшыны тегін алады. Әзірге ұсыныс жасаған команданың аты аталмай отыр. Айта кетер болсақ, 16 қарашада «Барселона» президенті өзінің спорттық жолы аяқталғанша Мессидің клубта қалатындығына сенімін білдірген еді.
Ал 14 қарашада испандық Marca, «Месси каталондықтармен келісімді созғысы келмейді», деп хабарлаған болатын. Аргентиналық шабуылшыға негізгі үміткер - Хосеп Гвардиола жаттықтыратын ағылшынның «Манчестер Сити» командасы. Ал Хосеп Гвардиола - «Барселонаның» бұрынғы тәлімгері.