«Құрметті жанкүйерлер, мен Әлем Кубогы қарсаңында 11 балаға ота жасалуына демеушілік көрсеттім. Әлем чемпионатындағы толық құрамамыздың жеңіске қол жеткізгеннен кейін 23 балаға көмек көрсеткім келеді. Бұл - менің бразилиялықтардың қонақжайлылығына деген алғысым», - деді Өзіл «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
25 жастағы жартылай қорғаушы мундиальда жеті ойын өткізіп, бір гол соққан. Ол Германия құрамасымен бірге ақтық сында Аргентина құрамасын артта қалдырып (1:0, қосымша уақытта), алтын медальға ие болды.