Солтүстік Каролина штатында 14 адам мерт болды, 3 адам із-түзсіз жоғалғандардың есебінде. Адамдардың құрбан болу жағдайлары Джорджия, Флорида және Оңтүстік Каролина штаттарында тіркелген.
Осыған дейін мерт болған 21 адам туралы хабарланған болатын.
Айта кетейік, «Мэтью» дауылы Атлантика аймағында 2007 жылдан бері болып тұрған ең қуатты дауыл. Гаитиден кейін ол АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы штаттарына қарай бағыт алды.