Бұл зерттеуді америкалық The Atlantic журналы жүргізген.
Агенттіктің хабарлауынша, кітапханада авторлық құқықпен қорғалған швед туындыларын қосқанда 7,5 млн-нан астам кітап бар. Бұл швед авторларының наразылығын тудырды. 53 балалар мен жасөспірімдер жазушысы Швецияның Мәдениет министрі Париса Лильестрандқа оның араласуын талап етіп ашық хат жолдады. Олар Меtа-дан ашықтықты талап етеді және олардың қай шығармалары қолданылғанын білгісі келеді. Олар сондай-ақ өтемақы алуды және олардың жұмысын пайдалануға тыйым салу құқығын талап етіп отыр.
— Меtа жаңа мазмұн жасау және ақша табу үшін басқа адамдардың жұмысын пайдаланып отыр. Бізде көп миллиардтық корпорациядан қорғану үшін ресурс жоқ. Күрес үкімет деңгейінде жүргізілуі керек, — деді қол қоюшылардың бірі Инти Чавес Перес.
Ұлыбританияда бірнеше авторды, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроны ұрлық үшін айыптады.
Meta өкілінің The Guardian-ға мәлімдеуінше, компания айыптауларды мойындамайтынын және өзін және ЖИ моделін белсенді қорғайды.
Осыған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында Meta платформаларынан қазақ музыкасының жойылуы туралы пікір білдірді.