Алғашқы докторлар Татьяна Чепуштанова мен Жанар Жұмаділова ҚазҰТУ мен АҚШ-тың Колорадодағы Тау-кен жоғары мектебінде қатар білім алған. 10 пәнді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыған олар дипломды да осы тілдерде , алдымен мамыр айында Алматыда, маусым айында Колорадода ағылшын тілінде қорғаған. Бүгінгі шара барысында оларға ҚазҰТУ мен Колорадо Тау-кен жоғары мектебінің дипломы берілді.
2006 жылы ҚазҰТУ мен Колорадо Тау-кен жоғары мектебі арасында металлургия саласы бойынша философия докторларын тәжірибелік бағдарлама негізінде дайындау туралы келісім жасалған. 2008 жылы ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов пен Колорадо Тау-кен жоғары мектебінің президенті профессор Скоггинстің Американың Голдоен қаласындағы кездесуі нәтижесінде алғашқы докторлар дайындала бастаған. Татьяна Чепуштанова мен Жанар Жұмаділова осы бағдарламаның алғашқы қарлығаштары болып отыр. ҚазҰТУ-дың металлургия инстутуы директорының айтуынша, қазіргі таңда бұл мамандық бойынша тағы 2 PhD докторы мен 9 магистр білім алуда. "Осыдан 3 жыл бұрын ҚазҰТУ-да 3 сатылы білім беру енгізілген еді. Нәтижесінде бүгін металлургия саласы бойынша ең алғашқы түлектер диплом алды. Бұл біздің білім саласының, Қазақстан экономикасының дамуына, дамыған елу елдің қатарына кіруге қосқан алғашқы үлесіміз" -дейді институт басшысы.
19:38, 11 Қараша 2010
Металлургия саласындағы тұңғыш қазақстандық PhD докторлары диплом алды
АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-да «Металлургия» мамандығы бойынша тұңғыш PhD докторлары диплом алды.