Метеорологтар: 2016 жылдың маусымы ең ыстық ай болып тарихта қалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық мұхиттар мен атмосфераларды зерттеу басқармасы 1880 жылдан бері температура өлшемін жүргізіп келеді. Өткен ай біздің заманымыздың ең ыстық маусымы болды, деп хабарлады аталған зерттеу басқармасы. Бұл туралы ВВС агенттігі жазып отыр.

Метеорологтар осымен 14-ші ай қатарынан рекордты температураны тіркеп келеді. Маусым айындағы планета температурасы 16,4 Цельсийді көрсеткен. Бұл ХХ ғасырда болған барлық маусым айларындағы көрсеткіштен 0,9 Цельсийға жоғары.