Метеорологтар Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көшкін болуы мүмкіндігін ескертеді

None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Күннің жылынуына және қар қабатының тұрақсыз болуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аумақтарында алдағы уақытта қар көшкіні жүруінің қаупі сақталады, деп хабарлады Алматы қаласының гидрометеорологиялық бақылау орталығы.

Осыған байланысты метеорологтар тұрғындардың тау бөктеріне саяхат жасаудан бас тартуларына кеңес береді.

Олардың берген ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанның таулы өңірлерінде жауын-шашын болған жоқ. Тауда жылымық сақталып, қар еруде. Желдің күшеюі байқалған жоқ.