Күннің магниттік белсенділігінің артуы адам қанының қоюлануына әкеледі, сондықтан да ішкі ағзалар жоғары жүктемені сезінеді, деп жазады Росбалт. Магниттік дауылдың теріс әсерін азайту үшін мамандар адамдарға жанжалдан бойын аулақ ұстауға кеңес береді, себебі, қосымша күйзеліс денсаулыққа теріс ықпал етеді, электромагнитті өріс аса қуатты жерлерде, мәселен, метромен мүмкіндігінше жүрмеу қажет.
17:45, 13 Мамыр 2015
Метеорологтар қуатты магнитті дауыл болатынын болжап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы апта ауа райының құбылыстарына тым сезімтал адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Себебі төрт магнитті дауыл болады деп болжануда, оның бірі - барынша қуатты. Бұл ретте күтілетін дауыл соңғы айда екінші мәрте қайталануда, ал бұған дейін мұндай күшті магнитті дауыл 12 жыл бұрын орын алған.