Метро аялдамаларын танымал әртістер хабарлайды - ПЕТЕРБОР

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербор метросының аялдамаларын Эдита Пьеха, Александр Розенбаум, Алиса Фрейндлих және Михаил Боярский сияқты танымал әртістер хабарлайтын болды.
Қала тұрғындары метрополитен стансаларын хабарлау және есіктің жабылуы туралы ескерту үшін дәл осы әртістердің дауыстарын таңдап отыр.ҚазАқпарат тілшісіне метрополитеннің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, танымал петерборлықтардың дауыстары тек мереке күндері ғана естілетін болады. Петербор тұрғындары олардың хабарландыруларына алғаш рет Қала күні ? мамырдың 27-сінде құлақ түреді. Қазір әртістердің дауыстарын жазу жұмыстары жүргізілуде.Метроның бірінші желісінде («қызыл желі») Эдита Пьеханың дауысы естілсе, екінші желіде («көк желі») Александр Розенбаумның, ал үшінші «жасыл желіде» - Михаил Боярскийдің дауыстары естілетін болады. Төртінші («сары желі») және бесінші («күлгін желі») желілерде Алиса Фрейндлих пен Геннадий Орлов хабарландыру жасайтын болады. Ал қалған күндері стансаларды танымал диктор Михаил Быков хабарлайды.