Украина ұлттық полициясы хабарламасында айтылғандай, құқық қорғау органының қызметкерлері күмәнді ер адамды байқап, оны полиция бөлмесіне шақырған.
«Тексеру барысында жолаушының сөмкесінен тергеу жедел тобы танкіге қарсы қолданылатын граната атқыш, 14,5 мм калибрлі патрон тәркіледі», - делінген хабарламада.
Қаскүнем Хмельницк облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды russian.rt.com.