Метрода граната ұстаған жолаушы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 11 қазан күні кешкісін «Пролетарская» стансасында метроға қару алып кірмек болған жолаушы ұсталды.

«Оперативное прикрытие» агенттігінің хабарына қарағанда, жолаушының жүгінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі граната табылған. Осы оқиғаға байланысты метро стансасы бір сағаттан астам уақытқа жабылды.

Жолаушы - Беларусь азаматы. Оны полиция алып кеткен.