Метрода халықпен қосылып ән салған ер адам туралы ролик көрсетілім бойынша рекорд орнатуда - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Метрода ән салған ер адам туралы ролик көрсетілім бойынша рекорд орнатуда. Қазіргі кезде видеоны 1 жарым миллионға жуық адам тамашалап үлгерген.

Видеода көрсетілгендей, Лондон метросында белгісіз ер адам караокемен "A Little Respect" әнін шырқай жөнеледі. Поез күтіп тұрған халық ер адамға қосылып әнді шырқап кетеді. Ән аяқталып болысымен адамдар бір-біріне жымиып қарап, қол шапалақтап қошемет көрсетеді.