Баланың анасы бұл кезде перронда тұрған көрінеді. Бейне бақылау камераларындағы таспа қаралғаннан кейін, бұл оқиғаға осы әйелдің өзі кінәлі екендігі анықталды.
Бейне жазбаны көру кезінде баланың анасы бесік арбаны бар күшімен итеріп жібереді. Арба платформамен сырғи отырып, рельске құлап бүйірімен аударылған. Екі айлық бала соның ішінде қалады. Абырой болғанда метродағы оны көргендер сәбиді дереу көтеріп, жоғары қарай шығарды.
Осы оқиғаға байланысты рельстер электр қуатынан ажыратылды. Зардап шеккен нәресте мен оның анасы ауруханаға жеткізілді.
Әйелдің сөзіне қарағанда, ол осының алдында ғана пойыз вагонында ренжісіп қалған күйеуін тоқтатпақ болып, бесік арбаны итеріп жіберген.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша барлық материалдар полиция бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ресейлік БАҚ.