Мэттью Макклин: «Головкиннің соққысы қабырғаны сындырады!»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық орта салмақтағы боксшы Мэттью Макклиннің айтуынша, оның бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкиннің соққысының ауырлығы сондай, қабырғаны сындырып жібереді, деп жазады sports.kz.

«Головкин қатты ұрады. Сондай-ақ ол соққысын дәл түсіреді. Оның соққыларына 12 раунд бойы шыдау мүмкін емес. Мен онымен жұдырықтасқан кезде маған ауа жетпей қалды, ал ол болса үдете түсті. Маған бұған дейін ешкім бұндай ауыр соққы жасамаған еді. Головкиннің соққылары менің қабырғаларымды сындырып жіберді», - дейді Макклин.

Еске сала кетейік, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкин мен WBC-тың уақытша чемпионы Марко Антонио Рубио арасындағы кездесуді HBO мен KazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 19 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 7-лер шамасында басталады.