Бұл туралы бүгін Фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Кадр жұмысы департаментінің директоры Марат Иғали хабарлады.
«Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Құтты болсын!» - деп жазады Марат Иғали.
Айта кетелік, Мейірбек Молдабеков ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары және ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол сонымен қатар, 1967 жылы құрылған «Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальды аспаптар ансамблінің негізін қалаушылардың бірі.