«Мейірім керуені»: ҚХА 5 жылда ауыр науқас балаларға 45 млн теңге бағыттады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, кеңес мүшелері, этномәдени ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ҚХА 24-сессиясы барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау барысы, «Мейірім керуені» туралы айтылды.

Өткен жылы басталған «Мейірім керуені» ҚХА жұмысының нәтижесі деуге болады. Қазақстан бойынша 1000 қайырымды адамның басын бір қоғамға біріктірдік. Мәселен, ҚХА 5 жыл ішінде ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге 45 млн теңге аударды. Жақында үшкүндік марафон өткіздік. Одан жиналған қаржы да ана мен бала үйіндегі балаларға жұмсалатын болды», - деді Е.Тоғжанов.