Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев пен Шабранский андеркартында жұдырықтасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BoxRec порталының ақпаратына қарағанда, айтулы бокс кеші 25 қарашада аты әлемге танымал «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді деп жоспарланған. Кештің басты жекпе-жегі ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналық Вячеслав Шабранский (19-1, 16 КО) арасында өткізіліп, отандасымызда шаршы алаңда өнер көрсететін болады. Алайда, Мейірімнің қарсыласы әлі анықталаған жоқ.

Айта кетейік, Мейірім соңғы жекпе-жегін ЭКСПО аясында өткізілген Қанат Ислам және Брэндон Кук жекпе-жегі андеркартында өткізіп, бразилиялық боксшы Исмаель Буеноны (15-6-0, 10 КО) бірінші раундта рингтің сыртына шығарып жіберген еді.