Құстың тоғанға қалай түсіп кеткені белгісіз, хайуанаттар бағына келуші құтқару барысын бейнежазбаға түсіріп үлгерген. Суда алсұрған құсты аю тісімен құрғақ жерге алып шығады.
Британдық Independent басылымының журналистері YouTube-де бейнтаспаны көріп: «Бәлкім, біз өз құлқынын ойлаған аюды бақылап тұрған шығармыз. Бірақ бұл қарғаға жаны ашыған әлемдегі ең мейірімді аю деп жақсылыққа жорығанымыз жөн болар», деп атап өтеді.
Шынымен де қарғаны судан алып шыққан аю оған еш қызығушылық танытпай, түскі асын жеуді жалғастыра берген. Ал есеңгіреп қалған қарға аяғынан тік тұрса да, аюдың торынан ұшып кетуге асықпады.
Бейнежазбада оның биылғы 19 маусымда түсірілгені көрсетілген. Содан бері оны 400 мың ғаламтор пайдаланушысы тамашалаған.