деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Әмзебек Жолшыбеков мейманның сұрақтарына орай Қазақстанның сыртқы саясаты, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бейбітшілікті қорғау мақсатындағы бастамалары, ел Парламентінің құрылымы туралы айтып берді.
Кездесуде Астанада өтіп жатқан Ядролық қарусыз әлем үшін халықаралық форумы туралы жан-жақты әңгіме өрбіді. Адам Коберацки мырза аталған жиынның маңыздылығын айта келіп, осы шараға қатысқанына қуанышты екенін жеткізді. Өйткені ядорлық қаруды таратпау әлем бойынша аса маңызды мәселеге айналып тұрғаны анық.
Мейман Қазақстандағы ұлтаралық келісімге жоғары баға берді, бұл тәуелсіз елдің үлкен жетістіктерінің бірі екенін айтты. Адам Коберацки көп ұлтты қазақ жерінде 50 мыңдай поляктардың тұрып жатқанын тілге тиек етті.
Тараптар ЕҚЫҰ-ның барлық институттарымен байланысты нығайту туралы пікір білдірді, соның ішінде парламенттік ұйымдармен байланысты жандандыру жайы сөз болды.
Осы кездесуге ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының жетекшісі Александр Кельчевский, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшелері Светлана Бычкова мен Ерболат Әпсәлямов қатысты.