Мейрам Қажыкен Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды
19:41, 03 Қараша 2022
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Өскемендегі «Восток молоко» корпорациясына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.
Мейрам Қажыкен мұндағы жұмысшыларға өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін түсіндірді.
Бұған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін хабарлаған едік.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады.
19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.