Мейрам күндері Таразда бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ

None
ТАРАЗ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мейрамның екі күні, 1-2 мамырда Тараз қаласында бірде-бір жол-көлік оқиғасына жол берілмеді.

«Осы күндері жол полицейлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарды. Екі күн ішінде жол ережесін бұзудың 604 дерегі анықталды, көлікті мас күйде басқарған 49 жүргізуші ұсталды, жылдамдықты асырғаны үшін - 275, қозғалыстың қарсы бетіне шығу - 19, ұялы телефонды пайдалану - 31 және қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау - 86. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін 54 автокөлік айып тұрағына қойылды, полицейлерге қатысты әртүрлі бұзушылықтары үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД ЖПБ инспекторы полиция капитаны Нұрғали Әбзелбектегі.

Оның айтуынша, 1 мамырда шамамен сағат 19.30-да Жамбыл ауданы Ильич ауылының Жібек жолы көшесінде ЖПЖБ қызметкерлерімен ауылдың 26-жасар тұрғынының мас күйде басқарып келе жатқан «Иж-Юпитер 5» маркалы мотоциклі тоқтатылды. Одан басқа жоқ сақшылары одан құжаттары жоқ екі ұңғылы қару тауып алады. Материал Жамбыл АІІБ тергеу бөлімшесіне берілді.

2 мамыр күні сағат 23.30-да жол полициясы жеке батальонының инспекторы полиция старшинасы Нұржан Юсупов облыс орталығының Б.Момышұлы көшесінде жол қозғалысын бақылау кезінде «Фольксваген-Пассат» автокөлігі жүргізушісінің ешқандай құжаттары жоқ екендігін анықтайды, сондай-ақ 30-жасар дөрекі жолаушының шалбарының қалтасынан анаша салынған бес сіріңке қорабы алынды.

Жыл басынан бері автоинспекторлардың қатысуымен 80 аса қылмыс ашылған, соның ішінде қарақшылық шабуылдар, тонаулар, есірткі қылмыстары және тағы да басқа қылмыстар бар. Қабылданған шаралармен 38,5 мыңнан астам ЖҚЕ бұзу анықталған, оның 21,5 мыңнан астамы өрескел бұзушылықтар, 800 астамы көлікті мас күйде басқару, 17 мыңнан астамы «Шумахерлер», 1200 апаттық жағдай туындату және қозғалыстың қарсы бетіне шығу. Осы жылы жүргізушілерден шамамен 72 миллион теңге өндірілді.