Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісовтың төрағалығымен өткен Шылым шегуге қарсы халықаралық күніне арналған қоғамдық кеңестің отырысында «Темекі түтінінен ада Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының төрағасы Жәмила Садықова мәлім етті.
Ж. Садықованың айтуынша, қазіргі уақытта кейбір кәсіпкерлерге шылым шегуге қарсы ҚР заңнамасын орындатудың өзі мұң болып тұр.
«Сату орындарында темекіні кәмелеттік жасқа толмағандарға сатпау туралы ескертулер ілінбейді. 10 дүкеннің ішінде тек қана екеуі ескерту iлiп қояды. Мейрамхана иелері қоғамдық орындарда шылым шегу заңнамасын орындамауда. Олар «темекі шегуге арналған орын» ретінде шылым шегетіндерге арналған тұтас залдар ашып тастаған. Өздерінің аумақтарында темекі жарнамаларын ашықтан-ашық іліп қояды. Заңды жиі бұзатындардың көш басында Алматыдағы мейрамханаларының иелері тұр», - дейді ол.