«Әзірге жазда мейрамханалардың ашылу-ашылмау мәселесі өте өзекті емес. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға қарау керек. Жақын арада мейрамхана мен дәмханаларды ашу ұсынылмайды», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі өңірлерге жол қашан ашылатыны туралы жазған болатынбыз. Комитет төрағасының айтуынша, барлық бағытқа жолдың ашылуы карантин талабын қалай сақтағанымызға және оның нәтижесі қалай болатындығына байланысты.