Мейрамханада адам етінен әзірленген тағам ұсынылған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның тәртіп сақшылары адам етінен тағам ұсынған мейрамхананы жапты.

The Daily Mirror мәліметтеріне қарағанда, Анамбра штатындағы мекемені тексеру кезінде құқық қорғау органдары 11 адамды құрықтаған, оның ішінде мейрамхана иесі де бар. Мұнда екі АК-47 автоматы және өзге де қарулар, оқтар, бірнеше ұялы телефон, сондай-ақ полиэтиленге оранған адамдардың бастары табылған. ІІМ деректеріне қарағанда, ас мәзірінде тіпті адамның қуырылған басы да болған екен.

Бұл мекеме жайлы полицейлерге жергілікті шіркеу қызметкері хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, шоттағы бағаның тым жоғары болғанына таң қалған пастор мейрамхана қызметкерлерінен мұндағы тамақ құнының неге жоғары екенін сұраған. Даяшылар болса шімірікпей, оған адам етін жегені туралы айтқан, деп хабарлайды РИА "Новости".