Жарылыс қаланың солтүстік-батысындағы мейрамханада болған. Ол жерде «Ауғанстан ислам қоғамы» ірі ауған партиясының жоғары шенді мүшелерінің кездесуі өтіп жатқан.
Қаза тапқандар арасында - сегіз полицей мен 10 бейбіт тұрғын бар, деп хабарлайды телеарна құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. Кем дегенде 10 адам жарақат алды.
Бомба мейрамхананың маңында тұрақта тұрған көлікте болған.