Мейрамханаға тікұшақпен келген ұшқыш қызметінен шеттетілді- комитет
ҚР Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына қарағанда, оқиғашамамен Шу қаласында болған.
«2019 жылдың 15 шілдесінде бірқатар БАҚ-та № UP-RB006 тіркеунөмірлі R-44 тікұшағын қондыру сәті бейнеленген видео жарияланды. «Falcon Avia»ЖШС-не тиесілі тікұшақ елді мекен аумағында (шамамен Шу қаласы) қонған. Осылайша, ҚР Инвестициялар және дамуминистрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығыменбекітілген азаматтық авиацияда ұшу қағидаларының 423-тармағының ережесібұзылған», - делінген азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.
Аталған оқиға бойынша ҚР Азаматтық авиация комитеті елдімекен аумағына қонуға жол берген ұшқыш А. В. Матвиенконы ұшудан шеттетті.Сондай-ақ, «Falcon Avia»ЖШС-нің ұшу процестерін ұйымдастыру жұмыстарын тексеру үшін инспекциялық комиссияжіберілген.
Айта кетсек,әлеуметтік желілерде жас жұбайлардың үйлену тойына тікұшақпен келген видеосытараған болатын.