Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, еліміздегі медициналық ұйымдарда 190 мыңнан астам орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның 54 мыңнан астамы ауылды жерлерде еңбек етіп жүр.
«Мейіргерлер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ең көп кәсіби топтардың бірін құрайды. Уақыт талаптарына сәйкес орта медицина қызметкерлерінің емдеу процесіне қатысуы артып келеді, пациенттің денсаулығы үшін кәсіби жауапкершілік сияқты функционал кеңейіп келеді. Еліміздегі мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыздың, қайырымдылықтарыңыздың және көп жылдық тәжірибелеріңіздің арқасында ем алушылардың денсаулығы қалпына келуде», - деді министр Ақмарал Әлназарова.
Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстанның мейіргер ісінің 350-ден астам үздік маманы ведомстволық наградалармен: «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.