— Бұл бастама қоғамдағы қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталды. Он күн бойы еліміздің барлық өңірінде жастар ұйымдары мен волонтерлер қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Акцияның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналды, — делінген хабарламада.
Атап айтсақ, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар үйі мен балалар үйіне қолдау білдіру, медициналық мекемелерде донорлық акциялар ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларға көмек беру, сондай-ақ коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерін қолдау бойынша жобалар жүзеге асты.
Бұған дейін Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының лауреаттары анықталғанын жазғанбыз.