Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты.
Тартысты өткен белдесу барысында Мейіржан медициналық көмекке де жүгінді.
Ақыры 4:3 есебімен жапондық балуан жеңіске жетсе, Мейіржан Шермаханбетке күміс бұйырды.
Тағы бір қазақстандық Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық Ри Се Унге 1:2 есебімен жол берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мейіржан Шермаханбеттің грек-рим күресінен финалға жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ боксшы Карина Ибрагимова финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).