АСТАНА. KAZINFORM -Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азиаданың ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Мейіржан 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Хан Джэ Чонгты жеңді.
Шермаханбеттің жартылай финалдағы қарсыласы жапониялық Кетаро Согабэ болмақ.
Осыған дейін Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шыққан болатын.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.