Мейвезер Г. Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы америкалық боксшы Флойд Мейвезер Андре Бертомен жекпе-жегі қарсаңында FoxBusiness-тің сұрағына жауап беріп, орта салмақ дәрежесі бойынша чемпион Геннадий Головкинмен жұдырықтасу туралы ойын айтып кетті. Бұл туралы GGG-дің В Контакте желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

- GGG туралы ойыңыз қалай?

- Ол 160 фунтта салмақта айқасады.

- Иә, бірақ ол салмағын азайтып, ал сен жоғарылата аласың ғой.

- Мен тек 147 фунт салмақпен шығамын.

- Екеулеріңіздің жекпе-жектеріңіз өте керемет болар еді...

- Мен бокста көп жетістікке жеттім, спорттағы үздік дегендердің барлығын жеңдім. Енді Бертомен шаршы алаңға шықпақпын, барлық қарсыласымды бағалаймын.