Лас-Вегастағы T-Mobile аrena спорт кешенінде өткен жекпе-жек америкалық боксшының басымдығымен өтті. Кездесудің бас төрешісі 10 раундта жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Флойд Мейвезер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Мейвезер аталмыш жекпе-жектен соң мансабын аяқтайтынын айтқан. Ал ирландиялық Конор МакГрегор Головкин - Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен қолғап түйістіруі мүмкін. Бұл туралы ресейлік UFC файтері Хабиб Нурмагомедов тікелей эфирді жүргізу барысында айтты.