World Boxing News хабарлауынша, спортшылардың өлшенуін көруге рұқсат беретін қағазды жекпе-жекке билеттері бар адамдар ғана алады. Рұқсатнаманың бағасы 10 долларды құрайды. Билеттерді сатудан түскен қаражат промоутер немесе боксшылардың қалтасына емес, спортшылардың өздері таңдайтын қайырымдылық акциясына жұмсалмақ.
Естеріңізге сала кетейік, 12 раундтан тұратын жекпе-жек 2 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand қонақүйінің аренасында өтеді. Қатысушылар Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA), Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) және Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқалары 66,68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионының үш атағын иелену үшін бақ таластырады. Солтүстікамерикалық басылымдардың мәліметтерінше, айқас қорытындысы бойынша Мейвезер 150 миллионға жуық доллар, ал Пакьяо 100 миллионнан астам доллар алады, деп жазады Vesti.kz.