«Мейвезердің «Канелоның» мені соққы астына алады дегені ештеңені білдірмейді. Қазір біз жаңа тарих жазып жатырмыз. Ол тым көп сөйлеп кетті», - деді Головкин.
Осыған дейін Головкин Мейвезер мен UFC чемпионы Конор МакГрегор арасында 26 тамызда өтеді делінген кездесуді тек қана ақша табу үшін істеп отырғанын айтқан. Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. «Канело» - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Ал мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.