АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатты болған «Боинг-777» ұшағының «қара жәшіктерінің» мағынасын ашу үшін олар Ұлыбританияның тергеу бюросына тапсырылады.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, алдымен Малайзия тарапы ұшақ бортындағы жазба құралдарын Нидерландыға тапсырады, кейіннен оны Амстердам жағы Лондонға жеткізеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, апатқа ұшыраған «Боингтің» «қара жәшігі» Малайзия өкіліне берілді. Қара жәшікті Малайзияның арнайы өкілі полковник Мохд Сакри алды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.