деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанат Сембаевтың айтуынша, тікұшақ кеше таңертең Алакөл ауданындағы нөмірі 11-ші алаңынан аспанға көтерілген. Содан кейін байланысқа шықпаған. Жанат Сембаев «ЕуроАзияЭйр» АҚ Жезқазған бөлімшесіне қарасты тікұшақты «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылау үшін жалға алғанын айтады. Әзірге тікұшақ табылған жоқ. Қараңғы түсіп кеткендіктен бүгінше іздестіру тоқтатылып, ертең қайта жалғастыру көзделіп отыр.