Салдарынан кем дегенде үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТАСС агенттігі Fox News-қа сілтеме жасап жазуынша, жол-көлік апаты Ливингстон округінде орын алды. Құқық қорғау органдары оқиғаға қар, көктайғақ пен көру мүмкіндігінің нашарлығы себеп болғанын айтқан.
Жаппай жол апатынан кейін билік органдары тас жолды жапты. Оқиға орнында құтқарушылар мен апаттық қызметтер жұмыс істеуде.