«Microsoft» 18 мың қызметкерін қысқартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft корпорациясы 18 мың қызметкерін қысқартпақ, бұл - компанияның 39-жылдық тарихындағы ең ірі жағдай, деп жазды шетелдік БАҚ.

Ең көп адам Nokia компаниясынан қысқартылады, оны Microsoft сәуірде сатып алған болатын. Енді компанияның 12,5 мың қызметкерін жұмысынан босатпақ. Microsoft мұны жылына 600 млн. доллар көлеміндегі шығындарды қысқарту үшін жасағалы отыр.

Бұдан бұрын компания алты мың қызметкерді ғана босататыны туралы ақпарат тараған болатын.