Microsoft 4800 қызметкерін қысқартады

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық Microsoft шамамен 4800 қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды DW .

Фото: 24.kg

Бұл компаниядағы жалпы қызметкерлер санының шамамен 2,1 пайызына тең.

Компанияның кадр мәселелері жөніндегі директоры қызметкерлерге жолдаған қызметтік жазбасында жасанды интеллект кейбір міндеттерді автоматтандыру арқылы жұмыс тәсілін өзгертіп жатқанын, алайда қазіргі қысқартулардың оған тікелей қатысы жоқ екенін атап өтті.

— Бүгін қысқартылып жатқан жұмыс орындарының орнын жасанды интеллект алмастырмайды. Дегенмен жасанды интеллект жұмыс істеу тәсілін өзгертіп жатқаны рас, — деді ол.

Агенттік мәліметінше, Microsoft әдетте жаңа қаржы жылына арналған шығыс жоспарын қалыптастыру аясында маусым айында аяқталатын қаржы жылының соңына қарай қызметкерлер санын оңтайландырады.

6 шілдедегі жағдай бойынша Microsoft акцияларының құны 1,5 пайыздан астам төмендеді.

Айта кетелік Microsoft Жапонияда жасанды интеллект пен сақтау қызметіне 10 млрд доллар бөлетіні туралы жазған едік