Microsoft компаниясы Hotmail пошталық сервисін жабады
00:41, 20 Ақпан 2013
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 1996 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан Hotmail пошталық сервисі жабылады. Бұл туралы оған иелік ететін Microsoft компаниясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РБК.
Бұған себеп: outlook.com сервисіне деген қызығушылықтың артуы. Бұл поштада соңғы жарты жылдың ішінде 60 миллион адам тіркелген.
Компанияның айтуынша, Hotmail поштасын пайдаланушылар ескі адрестерін outlook.com-да қолдана алады.
Сарапшылардың пікірінше, Microsoft осы өзгерістер арқылы өзінің басты бәсекелесі - Gmail-ді басып озбақшы.