АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Америкалық Microsoft компаниясы ұялы телефон өндірісі бойынша финдік Nokia компаниясының бизнесінің бөлігін 5,4 млрд. еуроға (7,2 млрд. АҚШ доллары) сатып алады. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.
2011 жылға дейін аталған компания ұялы телефондар нарығында көшбасшы болған еді, алайда, соңғы бірнеше жылдан бері Samsung және Apple өнімдерінен қалыс келеді.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, Microsoft Nokia компаниясының патенттерін пайдалану мен мобильдік құрылғыларды шығару құқығына ие болады.
Бұл ақпарат тарағаннан кейін, Nokia акцияларының құны 40 пайыздан астам деңгейге жоғарылаған екен.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.