Жаңа смартфон «Android» платформасы негізінде жұмыс істейді.
Негізінен «Google» дамытып жатқан «Android» операциялық жүйесі «Windows Phone OS» бәсекелесі ретінде қарастырылуда және оны осы күнге дейін «Microsoft» пайдаланып келді.
«Microsoft» корпорациясының мәлімдеуінше, Nokia X2 тұтынушыларды өзінің «бұлтты» қызметтерімен жаулап алады. Олардың кейбірі телефонға қосымша ретінде орнатылған көрінеді.
Шілде айында телефон сатылымға шығарылғаннан кейін оның құны 99 еуро көлемінде белгіленбек.
«Microsoft» тарапы «Nokia» компаниясының ұялы телефондар бөлімшесін өз қарамағына өткізу шараларын 25 сәуірде аяқтаған болатын. Бұл келісімшарттың құны 5,4 млрд. еуроға бағаланды.